Елімізде Мемориал “Онлайн-сервисі” жұмысын бастамақ

Бұл сервис саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы деректер базасы 

Фото:Polisia.kz сайты

Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы деректер базасы бар “Мемориал” онлайн-сервисі жақында ҚР ІІМ жаңа порталында жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Бұл әлеуметтік маңызды сервис ІІМ ведомстволық веб-сайтында қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар және оларды ақтау туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылды. 

“Мемориал” ақпараттың үлкен көлемін қамтиды. Мұнда саяси тұтқындар мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты жалпы саны 109 мың 186 іс бар. 

Тек 2019 жылы ғана ІІО мұрағаттарына “Мемориал” сервисі арқылы қуғын-сүргінге ұшырағандардың туысқандарынан, зерттеушілерден, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардан 2000-нан астам өтініш келіп түсті. 

Ақталған адамдар немесе олардың өкілдері, ол адамдар қайтыс болған жағдайда туыстары қылмыстық істердегі процессуалдық емес құжаттармен танысуға, сондай-ақ осы істерде сақталған қолжазбаларды, фотосуреттерді және басқа да жеке құжаттарды не олардың көшірмелерін алуға құқылы. 

Сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшыраған Еврей ұлтының өкілдеріне қатысты істерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 800 мұрағаттық қылмыстық іс табылды
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif