Елімізде енді апортты жаңа технология бойынша өсіреді

Бұл жаңа интенсивті бақта алма ағаштары үш жылда 85 % өнім береді

Фото:ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Бүгінгі таңда Алматы облысында апорт сортын өсіретін алма бақтарының жалпы аумағы 2 мың гектарды құрап отыр, оның ішінде жеміс беретіндері - 743 га. 2019 жылы бір гектардан 88,5 центнер алма алынып, жалпы өнім көлемі 6,6 мың тоннаға жетті.  Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Алма бақтарының аумағын ұлғайту 

Бақ отырғызу жұмыстары биыл да жалғасын табуда. Алматы облысының аудандарының ауыл шаруашылығы бөлімдері берген мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күнге облыс бойынша барлығы 996,1 гектар жерге жеміс егілген, оның ішінде 402,8 га – шекілдеуік, 203 га – интенсивті бақ, 0,4 га – апорт ағашы және 431,2 га - сүйекті жеміс, 161 га - жидек, 1 га – жаңғақ, 0,08 га - жүзім ағашы отырғызылды.

Алматы облысы бойынша апорт сортты алма ағашы егілген 2 мың га жерден жеміс беретіні 730 га құрайды. Көшет саны - 416 мың дана.

Жалпы, Алматы облысы бойынша 10 аттестатталған көшет өндіруші шаруашылық субъектілері қызмет атқарады. Олар жылына 615 мың дана көшет өндіреді. 
Биылғы жылдың көктемінде 403 гектар (оның ішінде 203 га интенсивті) алма бағы отырғызылды. Отырғызу схемаларына қарай пайдаланылған көшеттер саны орта есеппен 650 мың дананы құрады. Сонымен қатар кейбір шаруашылық субъектілері өздерінің қажеттілігіне қарай шетелдік көшеттерді әкеліп отырғызады.

Алма бақтарын өсіру үшін қолайлы климат, үнемі ылғал, температура режимі т.б. жағдайлар жасау қажет. Алматы облысының аумағындағы алма бақтары ылғал сақтау, тамшылатып суару арқылы және қарапайым түрде суарылады.

Сондай-ақ жеміс ағаштарын зиянкестерден қорғау бойынша іс-шаралар аясында аумақтық инспекция және фитосанитария орталығы зиянкестермен күресуі жұмыстарын жүргізеді.

Қарқынды алма бақтарын өсіру

Қазақстанда алманың импортын азайту үшін өнім көлемін арттыру мақсатында ескі қарапайым бақтардың орнына жаңа заманауи технология бойынша қарқынды бақтар отырғызылуда. Қазіргі таңда алға қойылған негізгі мақсат - өнімділігі жоғары интенсивті бақтардың егіс алқабын көбейтіп, ішкі және сыртқы нарықты алмамен толық қамтамасыз ету. 

Интенсивті бақтың басты ерекшелігі – аласа бойлы алма ағаштары екінші жылдың өзінде-ақ 30%, ал үшінші жылы 80-85% өнім береді. Әрі, мұндай жеміс ағаштарынан өнім жинау жеңіл, адам күшін көп қажет етпейді.

Биылғы жылы қарқынды алма бақтарынан 18,9 мың тонна, ал 2022 жылы 31,5 мың тонна алма жинау жоспарлануда. Жалпы, облыс бойынша бүгінгі күні 2222 гектар алқапқа егілген интенсивті алма бағы тіркелген, 2022 жылы оның көлемін 2600 гектарға жеткізу көзделген. 
Қарқынды алма бақтарында Фуджи, Голден Делишес, Гала, Гренни Смит, Старкримсон, Айдаред, Золотой превосходный және т.б. алма сорттары өсіріледі.

Интенсивті бақтарды өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері алма бақтарын отырғызуға 4 млн теңгеден аса қаражат салған. Олар интенсивті бақ отырғызудың барлық технологиялық үрдісін қатаң сақтайды, тамшылатып суару жүйесін іске қосқан. Бұдан бөлек, бақтарға табиғаттың төтенше жағдайларынан қорғайтын, қатты ыстықта 30%-ға дейін көлеңке беретін және құстардан сақтайтын биік қадағалар орнатылған.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif