Елімізде бір күнде 1 млн дана  бетперде өндірілетін болды 

Сонымен қатар, этил спиртінің өндірісінің  тәуліктік көлемі - 170 мың литрге жетті 

Фото:Shutterstock

Короновирустың пандемиясына байланысты өңдеуші өнеркәсіптің кейбір салаларының қызметі қайта бағдарланды.  Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Короновирустың пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде елімізде көптеген компаниялардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін қайта қарауға тура келді. Аурудан қорғану құралдарына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында өңдеуші өнеркәсіптің кейбір салаларының қызметі қайта бағдарланды.

Мысалы, этил спиртін өндірушілер дезинфекциялау құралдарын өндіруге қайта бағытталып, нәтижесінде өндірістің тәуліктік көлемі - 170 мың литрге жетті.

Тігін өнімдерін өндірушілер медициналық бетперделер өндірісін жолға қойып, өнім көлемін тәулігіне 200 мың данадан 1 млн. данаға дейін, яғни 5 есеге ұлғайтты.

Сондай-ақ, тұрмыстық химия, оның ішінде үйге арналған тазалау және жуу құралдары шығарыла бастады. 
Экономикалық өсімді қалпына келтіру мақсатында Үкімет 2020 жылдың соңына дейін кешенді жоспар қабылдады. Онда өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау үшін бірқатар іс-шаралар көзделген.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 219 млрд. теңге сомасына 268 жоба мақұлданды. Басым жобаларды қаржыландыру үшін осы бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың жалпы көлемі 400 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 трлн. теңгеге дейін жеткізілді.

Жалпы, индустриялық даму шеңберінде қойылған барлық міндеттер орындалуда.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif