Елімізде 30 мыңнан астам IT маман жетіспейді

Цифрлық сауаттылық деңгейі 82,1%-ды құрайды

Фото: primeminister.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында адами капиталды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында адами капиталды дамыту бес маңызды бағыттың бірі саналады. Жалпы, адами капитал ел экономикасының дамуына үлкен әсер етеді.

Бүгінгі күні ел халқының цифрлық сауаттылық деңгейі 82,1%-ды құрайды. Жоғары көрсеткіштің арқасында Қазақстан цифрландыру бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

  «Жалпы, IТ саласында адами капиталды дамытудың нәтижесінде бүгінгі таңда цифрландырудың жалпы экономикалық тиімділігі 802,5 млрд теңгені құрады. Әртүрлі салада 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Отандық стартаптарға 38 млрд жуық инвестиция тартылды. Халықаралық рейтингтерде жақсы жетістіктер көрсеттік. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасатын болады», — деді министр.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізілуде. Атап айтқанда, бизнес пен экономика салаларын цифрландыруға ерекше назар аударылады.

Оның ішінде экономиканы цифрландырудың басты драйвері ретінде 10 технологиялық платформа іріктелді. Нәтижесінде жаңа жоғары технологиялық компаниялар пайда болуда. Бұл үшін бірінші кезекте жоғары білікті IТ-мамандар қажет. Бүгінде IТ-мамандарға жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif