Дипломаттар мен ұшақ-теңіз кемелерінің экипаждарына ғана шетелге шығуға рұқсат берілген

Шектеулерге қатысты ақпараттармен ҰҚК ресми сайтында танысуға болады

Фото: Shutterstock

Карантиндік шектеулер кезеңінде мемлекеттік шекараны кесіп өту мәселесі туралы полковник, ҚР ҰҚК Шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары Ғани Қасымұлы Ағаділов сұхбат берді. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ телеграм арнасы хабарлады.

Қазіргі таңда 11 мамырдан бастап төтенше жағдай тоқтатылды. Алайда карантиндік іс-шаралар күйшетілді. Бұл ретте ҚР азаматтарына ел аумағына кедергісіз қайтып келуіне, шетел азаматтарына Қазақстаннан шығуға рұқсат берілген.

Шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, жүк автокөліктерінің жүргізушілеріне және басқа тұлғаларға қолданылмайды.
Шектеулерге қатысты ақпараттармен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ресми сайтында танысуға болады.

ТЖ кезінде кейін де мемлекетаралық жүк тасымалдауға ҚР шекарасына шектеу қойылған жоқ. Шекара қызметінің бөлімшелері жалпы карантин кезінде 100-ден аса чартерлік және автобуспен елге оралған 15 мыңнан аса қазақстандық азаматтарды бақылауды қамтамасыз етті. 

ҚР шекарасында 100 өткізу пункті бар, оның ішінде 51-і автокөлік өткізу пнкті, 12-сі қазіргі уақытта пандемия жағдайы бойынша уақытша жабылған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif