COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина 2020 жылғы қыркүйекте клиникалық сынаққа алынуы мүмкін

Институт ғалымдары үш платформада КВИ-ға қарсы бес вакцина әзірленуде

Фото;primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады,- деп хабарлайды primeminister.kz .

А. Аймағамбетовтың айтуынша, Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік және биотехнология саласында жүйелі түрде ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Салада 12 ғылыми ұйым, 2,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда еліміздің 19 жоғары оқу орнында саланың 4 мыңға жуық болашақ маманы білім алуда.

Ұлттық биотехнология орталығы — биологиялық бейіндегі ірі ғылыми ұйымдардың бірі. Орталық 25 сертификатталған ғылыми зертханадан тұрады.

«Пандемияның бастапқы кезеңінде, елімізге тест-жүйелері әлі әкелінбеген кезде, осы мекеменің мамандары 6 күн ішінде жасанды синтезді пайдалана отырып, SARS COVID-2 тірі штаммы болмаған кезде, коронавирусты диагностикалау үшін сенімді ПТР тест-жүйесін әзірледі. Осы жүйенің арқасында індеттің алғашқы күндерінде жалпы диагностика жүзеге асырылды. Кейінірек алынған шетелдік диагностикалармен салыстыра отырып, осы жүйенің жоғары сезімталдығы дәлелденді», — деді министр.

Бүгінде Ұлттық биотехнология орталығы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша 11 мың тест-жүйесін әзірледі.

Осы саладағы тағы бір маңызды ұйым — Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты. Институттың 13 зертханасында қауіпті инфекциялармен жұмыс жүргізілуде. Институт ДДСҰ-мен денсаулық сақтау саласының қажеттілігі үшін аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеуге келісімшарт жасасты. Институт жұмысы медицинада және ауыл шаруашылығында вакциналардың жаңа түрлерін әзірлеуге, иммунобиологиялық препараттарды өндіруге бағытталған. Барлығы ұйым қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы отандық вакциналардың 67 түрін әзірледі.

Сонымен қатар Институт ғалымдары үш платформада КВИ-ға қарсы бес вакцина әзірленуде.

«Алғашқы инактивацияланған вакцина – вирус химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған. ДДСҰ белсенділігі жойылған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 2020 жылғы 15 мамырда өз тізіміне қосты», — деді министр.

2020 жылғы 15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцинаға клиникаға дейінгі сынақтар басталды: желілік тышқандардағы қауіпсіздік пен иммуногендігі тексерілді.

2020 жылғы 10-23 маусымда кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді, сондай-ақ осы жылдың маусым-шілде айларында зерттеулер әртүрлі жануарларда, соның ішінде приматта жасалады, иммуногендігі зерттеледі.

Қыркүйек айында клиникалық сынақтарға шығу жоспарланған.

Министрдің айтуынша, аталған сынақ кезеңдері сәтті болған жағдайда вакцинаның тиімділігі мен зиянсыздығын тексерудің келесі кезеңдеріне өту мүмкіндігі пайда болады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif