Биыл Түркістан облысында жолдардың 1200-ден астам шақырымы жөндеуден өтеді

Бұл көрсеткіш 6,5% артпақ

Фото: ҚР ИИДМ

Биыл Түркістан облысында құрылыс-монтаждау жұмыстарымен автомобиль жолдарының 1287 шақырымы қамтылатын болады. Жалпылай алғанда, автомобиль жолдары саласында өңірде 533 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақта «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас-Қалалық қоқыс орны» жолының 10-18 шақырымы, «Дербісек-Сарыағаш» автомобиль жолының 18,5-20 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарынан өтіп, Түркістан қаласының халықаралық әуежайына апаратын жолда инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек, биыл мына жолдар күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ: «Шымкент-Көксәйек-Сайрам», «Шымкент-Қызыләскер-Түйетас», «Бадам-Шұбар-Жаскешу-Түлкібас», «Өзбекстан Республикасының шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-М-32», «Түркістан-Балтакөл», «Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Р-31», «Ұланбел-Созақ-Екпенді», «Шарапхана-Жаңабазар-1 мамыр», «А-2-Лининабад-Үтіртөбе-КҚ-75», «Өзбекстан шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-М-32», «Атакент-Есентаев», «Ынталы-Фирдоуси», «Үлгілі-Таубай ата-А-15», «Жетісай-Мақталы», «КҚ-2-Жаңатас», «Кентау-Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл», «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М-32», «Арыс-Монтайтас», «Түркістан-Балтакөл-Нұртас ауылы-Шорнақ-Қарнақ-Кентау», «Түркістан-Балтакөл».

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Келес өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы және Түркістан қаласындағы Ж. Майкөтов көшесі мен «Батыс Еуропа – Батыс Қазақстан» дәлізі арасындағы автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, облыстың Ордабасы, Түлкібас, Қазығұрт және Шардара аудандарындағы жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтеді деп күтілуде. 

Айта кету керек, өңірде «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында жолдардың 304 учаскесі жөнделіп жатыр. Ал «Бизнестің жол картасы 2020» аясында автомобиль жолдары саласында 84 жоба жүзеге асырылуда.

Еске салайық, Түркістан облысындағы жолдар мен көшелердің жалпы ұзындығы 16,5 мың шақырымды құрайды. Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі – 74,1%. 2020 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бұл көрсеткіш 6,5% арттырылатын болады.  
 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif