Биыл елімізде өзен көлігімен 153 мың тонна жүк тасымалданған

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8% артық

фото: ҚР ИИДМ

Биылғы 5 айда елімізде өзен көлігімен 153 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда кеме қатынасы Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндерінде жалпы ұзындығы шамамен 3 262 шақырымдық кеме қатынасы учаскелері бойынша жүзеге асырылады.


Өзен көлігі жұмысының қауіпсіздігі мен тиімділігі кеме қатынасына жасалған жағдайға тікелей байланысты.
Кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жол жұмыстарын және басқа да іс-шараларды "Қазақстан су жолдары" РМҚК жүргізеді.


Биылғы қаңтар-сәуір айларында кәсіпорын кемелер мен кеме қатынасы жағдайы белгілерін навигациялық кезеңге дайындау жұмыстарын жасады. Кеме қатынасы учаскелері бойынша навигацияның ашылуы мемлекеттік тапсырыспен белгіленген мерзімде - сәуір-мамыр айларында жүргізілді.


Ертіс өзені су қоймалары Жоғарғы Ертіс каскады деңгейлері арасында кемелердің еркін өтуі кеме жүзетін үш шлюз арқылы  қамтамасыз етіледі: Өскемен (1-камералы, қысым фронтының биіктігі 42 м), Бұқтырма (4-камералы, қысым фронтының биіктігі 69 м) және Шүлбі (1-камералы, қысым фронтының биіктігі 29 м), ГЭС бөгеттерімен тең 50 км3 су ұстап тұрады.


Шлюздердің апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Биыл осы мақсатқа бөлінген 1,9 млрд. теңгенің 52 % игерілді.


Ағымдағы жылдың 1 маусымына өзен көлігімен тасымалдау көлемі шамамен 153 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда +7,8% көп.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif