Биыл елімізде автобустарды жаңартуға 10 млрд. теңге бөлінеді

Бұл қаражатқа 1370 автобус сатып алуды жоспарлап отыр

Фото:Shutterstock

Қазіргі уақытта еліміз бойынша қалалық автобус бағыттарында шамамен 10,5 мыңдай автобус жүр. Олардың 43%, яғни 4,5 мыңдай автобустың шығарылған жылы 7 жылдан асып кеткен. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Өңірлерде автобус парктерін жаңаруды қолдау мақсатында 2018-2019 жылдары жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 33,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа өңірлерде Қазақстанда өндірілген 693 автобус сатып алынды. Ал биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге қаражат бөлу мақұлданды. Оған өңірлер 1370 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. 

2020 жылдан бастап әлеуметтік маңызды бағыттарда қызмет ететін тасымалдаушылар қосымша құн салығын төлеуден 3 жылға босатылады. Бұл шаралар жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және отандық зауыт өндірушілерді қолдауға бағытталған.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif