Биыл 33 мыңнан астам тұрғын үй тапсырылды

Оның ішінде  тұрғындарға 14 209 жеке үй берілді

Фото:Shutterstock

2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында елімізде құрылыс бойынша нақты көлем индексі 105,9% құрады. Бұл көрсеткіштер құрылыс-монтаждау жұмыстарының қайта жаңғыруына байланысты құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

15 өңірде оң динамика байқалады. Көшбасшылар - Түркістан (131,2%), Қарағанды (124,9%), Шығыс-Қазақстан (114,3%), Батыс-Қазақстан (111,9%), Жамбыл (108,7%), Солтүстік Қазақстан (108%) және Қостанай (107,9%) облыстары.

Республикада тұрғын үй құрылысында осы мерзім ішінде 4 075 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлығы 33 479 бірлік тұрғын үй тапсырылды, оның ішінде – 14 209 жеке үй.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсімі 9 өңірде байқалады. Олар: Солтүстік Қазақстан (114,7%), Павлодар (113,3%), Қостанай (112,2%), Жамбыл (109%), Қарағанды (107,2%), Шығыс Қазақстан (105,2%), Ақтөбе (103,2%) облыстары, Нұр-сұлтан (106,7%) және Алматы (114,2%) қалалары.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif