Биыл 131 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырады

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық

Фото: Офелия Жакаева

Биыл елімізде 131 мыңнан астам адам Ұлттық бірыңғай тестін тапсырады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды primeminister.kz. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу осы жылдың 20 маусымынан 5 шілдесіне дейін өткізіледі. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көбірек (117 мың) оқушы қатысады. ҰБТ-ны өткізетін 161-ге жуық пункт, 1 200-ден астам аудитория дайындалды, қадамдық нұсқаулық қабылданды.

ҰБТ дәстүрлі тәртіпте, алайда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Осылайша, коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту үшін 5 зарарсыздандыру шарасы қолданылады, атап айтсақ: тест тапсырушының дезинфекциялау тоннелі арқылы өтуі, аяқ киімді арнайы дезинфекциялаушы кілемшеде өңдеу, қолды санитайзермен тазалау, температураны өлшеу, бір рет қолданылатын маска ұсыну. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі бойынша тест тапсырушылар арасындағы арақашықтық кемінде 2 м-ді құрайтын болады.

Өңірлердің әкімдіктеріне тест тапсыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалдау нормаларын сақтай отырып, түлектерді тасымалдауды ұйымдастыру, ҰБТ өткізу пункттерінің алдында адамдардың жаппай жиналуын болдырмау тапсырылды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif