Белгісіз жағдайда үш трактор өртеніп кетті 

Қасақана өрт қою фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында полицейлер өрт қою  бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Боралдай ауылында белгісіз жағдайда үш МТЗ-80 тракторы жанып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі “Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру” бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды. Өз кезегінде Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар, қасақана өрт қойған күдіктілердің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif