Бақытжан Сағынтаев журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

3,5 мыңға жуық БАҚ-тың мыңнан астамы Алматыда жұмыс істейді

Фото: kursiv.kz

Б. Сағынтаев журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев БАҚ өкілдеріне арнаған өзінің құттықтауында қазіргі заманауи кезеңдегі журналистер жұмысының маңызы мен мәнін ерекше атап өтті. Қала әкімі құттықтау сөздерін Twitter-дегі өзінің ресми парақшасында жариялады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

   «Алматының журналистер қауымдастығын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Уақыт тезінен қалыспай, халыққа нақты әрі сауатты ақпарат таратып, кәсіби міндетті адал атқарып келесіздер! Арман-тілектеріңіз орындалсын, табыс пен сәттілік тілеймін!», - деп жазды Б. Сағынтаев.

 

Айта кетерлігі, қала әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың барлық қызметтері жұмыстарында ашық әрі жедел үн қату қағидатын басшылыққа алуда. Сондықтан барлық аудандардың әкімдері, басқарма басшылары әлеуметтік желілерге тіркелген және тұрғындардың түрлі өтінімдеріне дер кезінде жауап беруде.

Алматы әкімдігінде алғаш рет баспасөз орталығы құрылды. Мұнда аудандық әкімдіктер, басқармалар мен құрылымдық бөлімше басшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, БАҚ сұрақтарына жауап береді.

Жыл басынан бері 167 баспасөз мәслихаты өткізіліп, 366 спикер 1685 сұраққа жауап берді. Бұл ретте 131 баспасөз мәслихаты COVID-19-ға қарсы іс-қимыл тақырыбына арналды. 199 спикер КВИ бойынша 1339 сұраққа жауап берді.

Төтенше жағдай кезінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі WhatsApp мессенджерінде арнайы чат ашып, коронавирус инфекциясына қарсы күрестің жағдайы туралы журналистерге жедел ақпарат беріп отырды.

Қазақстанда тіркелген 3,5 мыңға жуық БАҚ-тың мыңнан астамы Алматыда жұмыс істейді. Соның ішінде 937 мерзімді басылым, 54 электрондық және 93 интернет-БАҚ бар.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif