Алматыны барлық алманың отаны деп әлем ғалымдары мойындаған

Бірақ Қазақстан әлі де алмамен өзін өзі толық қамтамасыз ете алмай отыр

Фото:ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Алматы өңірі барлық алманың отаны деп әлем ғалымдары мойындағанымен,  қазір Қазақстан алмамен өзін өзі толық қамтамасыз ете алмай отыр. Алманың көбі біздің елімізге шетелден, негізінен Қытайдан, Польшадан әкелінеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінен Қазақстан өзін 80% қамтамасыз етеді,  тек алты тауар:  алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және құс еті бойынша импорт тәуелділігі сақталуда. 

Министрлік 4 жыл ішінде шетелден импортталатын осы ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өнімдермен алмастыруды жоспарлап отыр. Ол үшін биылдан бастап жылына 105 мың тонна сүт өндіретін 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуаттылығы 73 мың тонналық 8 құс фабрикасы, жылына 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауыты салынатын болады, 2 мың гектарға алма бағын отырғызу жоспарланған. Аталмыш шаралар ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдері импортының жалпы үлесін 36,2%-дан 31,2%-ға дейін қысқартуға, ал 2024 жылға қарай елдің ішкі нарығын отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, сонымен қатар биыл Қырғызстан мен Өзбекстанда енгізілген карантинге жатқызылған өнімдерден, атап айтқанда, алма және құрмадан карантиндік объект Комсток сымыры  (Pseudococcus comstocki (Kuwana) зиянкесінің анықталуы жиілеп кеткен, сондықтан бұл елдерден алманың әкелуіне тыйым салынды. 

2020 жылы Алматы облысында 139,0 мың тонна өнім, оның ішінде алма бақтарынан 91,8 мың тонна жеміс жинау жоспарланда. 

Жалпы жоспарланған 91,8 мың тонна алма өнімі еліміздің қажеттілігін 19,6% (466,7 мың тонна) өтейді. Жиналған алма өнімдерінің 85,3 мың тоннасы Алматы облысы және Алматы қаласының сауда орындарына өткізіледі, ал 6,5 мың тоннасы алма шырынын жасауға жіберіледі.
2022 жылға дейін алманың өнімділігін 170 мың тоннаға дейін немесе 1,4 есеге жеткізу жоспарланған. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif