Алматыда жаңа мектеп ашылады

Қала бойынша мектептерде 30 мың орын жетіспейді

Фото:Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданы тұрғындарының бала бақшалар мен мектептерде орын тапшылығы, абаттандыру және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі өтініштерін  шешу жолдарымен танысты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Әуезов ауданының тұрғындары көтерген ең өзекті мәселенің бірі — мектептердегі орын тапшылығы. Бүгінгі күні ауданда 5365 орын жетіспейді. 6 мыңға жуық адам тұратын Мамыр ықшамауданында 1200 орынды мектеп салынуда. 

Б. Сағынтаев құрылыс алаңын аралап көрді және қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын, құрылыс жұмыстарының барысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Жаңа оқу жылында салынып жатқан осы мектепті және Ақсай - 3а ықшамауданындағы №123 мектеп жанындағы 400 орынды қосалқы нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Жалпы, қала бойынша мектептерде 30 мың орын жетіспейді. Халықтың саны өсуіне орай келер оқу жылында бұл көрсеткіш екі есеге артатын болады. Сондықтан 2020-2021 жылдары 16 жаңа мектеп және 23 қосалқы нысан салу жоспарланған, бұларда шамамен 47,5 мың орын болады. Яғни, оқушы орнының тапшылығы 80 пайызға қысқарады. Құрылыс  ЖҚЖК, МЖӘ бағдарламалары мен жобалары және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі  бойынша әрі жеке кәсіпкерлікті  ынталандыру арқасында қарқынды жүруде.

Бала бақшалардағы орын тапшылығы мәселесін шешуге тұрғын кешендерін салумен айналысатын кәсіпкерлер көмектесуде. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша ТК салу кезінде әлеуметтік нысандар  үшін орындар бөлу міндетті түрде қарастырылуы тиіс. Бұл білім берудің қалалық мекемелеріне түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді. «Үш сұңқар» ТК Ақсай-5 ықшамауданында құрылыс салып жатқан компания 115 орынды бала бақша үшін  арнайы орын бөлді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif