Алматыда коронавирустан қайтыс болғандардың мәйіттерін тексермейтін болды

Жарияланды
Марқұммен туыстары арнайы белгіленген жерде қоштасады

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа шешіміне сәйкес, бұдан былай қайтыс болған адамдарды коронавирусқа тексермейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысының 2020 жылғы 9 сәуірдегі «қайтыс болған адамдардан COVID-19-ға тест алу алгоритмін бекіту туралы» хаттама өз күшін жойды», – делінген құжатта. Егер адам ауруханадан тыс жерде коронавирустан қайтыс болса, жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция дереу эпидемияға қарсы режимнің талаптарын сақтай отырып, қажетті шараларды қабылдайды. Сондай– ақ, мәйіт коронавирусқа зертханалық тексеруден өткізілмейді. СОVID-19-дан қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді. Марқұммен туыстары арнайы белгіленген жерде қоштасады. Айта кетейік, Қазақстан бойынша бұл дерттен барлығы 147 адам қайтыс болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз