Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты өзгерді

Жарияланды
Кезекті 15.30-ға дейін броньдау қажет

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 маусымдағы N 40 қаулысына сәйкес Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қаладағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды. 

Осыған байланысты Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 15.30-ға дейін броньдау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады.

Мемлекеттік қызметті алуға байланысты қиындықтар мен мәселелер туындаған жағдайда 1414 бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлық телефондардан жүгіне аласыздар. Қоңырау шалу тегін.

Сондай-ақ оқыңыз