«Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін енді тұрақты тіркеу қажет емес

22 маусымнан бастап өтінімдер қабылданады

Фото: Shutterstock

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасымен баспана алуға ниетті жастар үшін «қалада тіркеуде болу» талабы алынып тасталды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де жазды. 


«Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады»,- деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. 


Бағдарлама бойынша несиені өтеу мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейін, төлем қабілеттілігіне қарай есептеледі. Бастапқы төлем - 10%. 


Бағдарламаның мақсаты – бюджет саласындағы жас қызметкерлерге қолдау көрсету (35 жасқа дейін). Бұл – мұғалімдер, дәрігерлер, университет оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар.


Бағдарламаға қатысуға өтінімді almaty-zhastary.kz сайтында беруге болады. Тіркеу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтеді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif