Алматы облысының аумағында карантиндік шаралар күшейтіледі

Емханадағы дәрігерлер қашықтан қызмет көрсету форматына ауысады

Фото:kursiv.kz

 Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың қаулысына сәйкес, Алматы облысының аумағында карантиндік шаралары күшейтілді.Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.

*Жиналыстарды, кеңестерді, конференцияларды, форумдарды, семинарларды, съездерді және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

*Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі 30-дан астам отыратын орын-жайларда және 50-ден астам отыратын жазғы алаңдарда, онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, тоқтатыла тұрады.

*Сауда, ойын-сауық орталықтарының, діни объектілердің, білім беру орталықтарының, үйірмелердің, артклубтардың, балалардың бос уақыты мен қосымша оқыту орындарының, балалардың түзету кабинеттерінің және меншіктің барлық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі тоқтатылады.

*Стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы емдеуге жатқызу, сондай-ақ халықты жоспарлы иммундауды, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, жоспарлы медициналық қызметтерді қабылдау және көрсету тоқтатылады.

*МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауы және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультациялары қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылады.

*ХҚКО, Оpen Талдықорған сервисі, бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, есепші және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттіктері және т.б.) жұмысы онлайн форматқа өтеді.

* Онлайн-формат көзделмеген қызметтерді көрсету алдын ала жазылу арқылы, электрондық кезекпен, жұмыс кестесімен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif