Алматы облысында қылмыс деңгейі төмендеді 

Жарияланды
Қазіргі уақытта заң бұзушылық 36,7 пайызға азайды 

Алматы облысы полициясының қолда бар күштері мен құралдарын ұтымды пайдалану арқасында биылғы жылдың бес айының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейін 36,7 пайызға төмендетуге қол жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

« Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге мемлекет тарапынан өте үлкен көңіл бөлінуде. Ол қылмыспен күресуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізіп, заңдылықты орнатуға және азаматтардың құқығын қорғап, қоғамдық тәртіпті орнатуға әсер етеді. Қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алуда, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде патрульдік полицияның автоэкипаждары, учаскелік полиция инспекторлары мен сыртқы қызмет өкілдері үлкен рөлге ие», – деді Алматы облысы ПД Тылмен қамтамасыз ету басқармасының басшысы Ерлан Сәрсенбаев. 

  «Жергілікті атқарушы органдар ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге ерекше көңіл бөлетінін атап өткім келеді. Бұл қылмыспен күресу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге және қаладағы тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді, – деп толықтырды Ерлан Сәрсенбаев.

Автокөліктер оқиға орнына тәртіп сақшыларының шұғыл жетуі үшін пайдаланылады. Ол көптеген қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік береді, жол ережесін өрескел бұзу деректерін әшкерелеп, жол-көлік апаттарына жедел әрекет етеді, яғни жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыз