Алакөл көлінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жарияланды
Демалушылар саны артуы мүмкін

Осы жылы Алакөл көлінде демалғысы келетіндердің саны басқа туристік елдерде карантинге байланысты өсуі мүмкін. Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шомылу маусымы кезеңінде қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшуде. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Алакөл өңірінің құтқарушылары күн сайын төрт бағытта, оның ішінде Көктұма ауылында жағалаудың бойында адамдар шомылатын жерлерде судағы патрульдеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақши ауылындағы көлдің жағасында орналасқан құтқару станциясы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған, соның ішінде аквалангистік костюм, жүзу құралдары және т.б. 

Әдетте, суға шомылу маусымы басталар алдында құтқарушылар жеке демалыс орындарының иелеріне сеніп тапсырылған жеке демалыс орындарының аумақтарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстарымен хат тапсырады.

Алакөл өңірінің құтқарушылары 2019 жылы 46 адамды құтқарды, Алакөлде өткен шомылу маусымы кезінде адамдардың қаза болуы тіркелген жоқ.

2020 жылы Ақши ауылының құтқарушыларымен 4 рет шығулар жүзеге асырылды оның ішінде Үшарал-Достық автожолының Ырғайты учаскесінде қар құрсауына түскен адамдарды құтқару үшін, онда 7 адам құтқарылды.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың демалуы кезінде қайғылы оқиғаларға жол бермеу үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауда. Осындай шешімнің бірі жыл сайын шомылу маусымы кезінде Ақши ауылында мобильді өрт сөндіру бекетін құру болды, бекетін құру мақсаты өрт пайда болған жағдайда тез әрекет ету және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, өйткені жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі Үшарал қаласында орналасқан, оған дейінгі қашықтық 70 шақырым және Достық станциясында, оған дейінгі қашықтық – 115 шақырым құрайды. Көлге жақын орналасқан өрт кезінде өрт сөндірушілерге көмекке құтқарушылар да өз қайығында келуі мүмкін, ол сондай-ақ өрт сөндіру немесе өрт сөндіру автомобилін сумен толтыру үшін су беруге жабдықталған.

Қазіргі уақытта Ақши ауылының өрт сөндіру бекетінде қойылған міндеттерді орындауға дайын екі өрт сөндіру автоцистернасы бар. Жергілікті атқарушы органдармен Ақши ауылында өрт сөндіру бекетінің салынуы жақын араға жоспарланған.

Құтқару станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, жыл бойы онда 13 құтқарушы мен 4 өрт сөндіруші қызмет етеді.

Алматы облысы ТЖД азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

– шомылуға арналмаған жерлерде суға түсу;
– мас күйінде суға шомылу;
– балаларды қараусыз қалдыру;
– жүзе алмау немесе өз күшін дұрыс бағаламау.
 

Сондай-ақ оқыңыз