Ақтөбе қаласында демалыс күндері карантин шаралары күшейтіледі

Бұл күндері 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығу шектеледі

Фото:kursiv.kz

Ақтөбе облысының Бас санитарлық дәрігері  Нұрсұлу Беркімбаеваның қаулысы бойынша, қалада шектеу шаралары 26 маусым сағат 22.00-ден 29 маусым сағат 00.00-ге дейін және әр демалыс күндері: сенбі және жексенбі, кейін эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін енгізіледі. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ телеграм каналында хабарлады. 

-Тұрғындар үшін жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлік болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жылжуды қоспағанда, қала бойынша жаяу және жеке автокөлікпен жүру шектеледі;

- тұрғылықты жеріне тікелей жақын орналасқан дүкендерден, дәріханалардан дәрілік тауарларды, медициналық бұйымдарды, азық-түлік тауарларын сатып алу; 

- шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға шығу;

- тұрғылықты жеріне тікелей жақын жерде үй жануарларын серуендету.

-65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығу шектеледі.

-Қалада сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көлікте, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде, көпшілік жиналатын орындарда, көшелерде, саябақтарда, скверлерде, көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерінде ауқымды дезинфекция жүргізіледі.

-26 маусымнан бастап 29 маусымға дейін меншік нысанына қарамастан объектілердің қызметі тоқтатылады.

-Қоғамдық орындардың - саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, ойын алаңдарының және өзге де демалыс орындарының, қаржы нарығы субъектілерінің валюта айырбастауға құқығы бар ұйымдардың қызметтерімен жұмыс істеуі тоқтатылады.

-Көп қабатты тұрғын үйлердің жанында, жеке секторда бірінші қажетті тауарларды сататын азық-түлік дүкендері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

25 және 26 маусымда бірінші қажеттілік тауарларын және дәрі-дәрмектерді бірнеше күнге сатып алу ұсынылады.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif