Ақмола облысындағы тұрғын үй құрылысына 24,7 млрд. теңге инвестиция салынды

2085 тұрғын үй пайдалануға берілді

Фото: ҚР ИИДМ

Ақмола облысында биылғы 5 айда тұрғын үй құрылысына 24,7 млрд. теңге инвестиция салынды. 2020 жылы Ақмола облысында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 570 мың шаршы метр немесе 5300 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

5 ай ішінде өңірде тұрғын үй құрылысына 24,7 млрд. теңге инвестиция бағытталып, жалпы алаңы 239,3 мың шаршы метр болатын 2085 тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл өңірде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 10,4 млрд. теңгеге 49 жобаны іске асыру көзделген. 595 жұмыс орны ашылады.

49,4 мың шаршы метр немесе 1 002 жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Оның ішінде сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 21 жобаны іске асыру үшін 2,9 млрд. теңге қарастырылған. Биыл 5 айдың қорытындысында қаржыландыру жоспары бойынша әкімдікке 357,4 млн.теңге аударылды. Жыл соңына дейін 13,9 мың шаршы метр немесе 290 жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл үйлердің құрылысына барлығы 202 адам жұмысқа тартылады.

Кредиттік тұрғын үй құрылысына 13 жобаны іске асыру үшін 5,6 млрд. теңге қарастырылған. Оған 35,5 мың шаршы метр немесе 712 тұрғын үй пайдалануға беріледі. 250 жұмыс орнын құрылады.

Бұдан басқа, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2% несие берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 181 тұрғын үй қарызына 1,8 млрд. теңге қарастырылған.

Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 15 жобаны іске асыру үшін 1,9 млрд. теңге қарастырылып отыр. Биылғы 5 айдың қорытындысында 166,4 млн. теңге аударылып, қаржы 100% игерілді. Ол жобалар бойынша 143 адам жұмыспен қамтылады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif