«7-20-25»: ипотекалық несиелерді беру қарқыны қалпына келді

5 айындың ішінде банктер 9 мыңнан астам ипотекалық несие берген

Фото: Shutterstock

Мамыр айының соңынан бастап «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша ипотекалық несиелер беру қарқыны қалпына келді. Бүгінде олар карантин басталмай тұрғандағы деңгейіне жетіп отыр. Бұл туралы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Сыртқы коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ол - аптасына орта есеппен 600 несие немесе 4 - 4,5 млрд теңге. Қарқынның қалпына келуі халыққа қызмет көрсету орталықтары, нотариустар, сатушылар мен құрылыс компаниялары, банктер жұмысындағы шектеулерді алып тастауға байланысты болды.


Төтенше жағдай және карантин кейінде, наурыз айының ортасы мен сәуір айлары аралығында «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша берілген ипотекалық несиелер көлемі 2 есеге азайып кеткен еді. Карантиндік шаралар қолданылған кезеңді ескерсек, осы жылдың 5 айында банктер жалпы сомасы 94 млрд теңге болатын 9 мыңнан астам ипотекалық несие берген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1500 несиеге немесе 21 млрд теңгеге артық.


Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып, 2018 жылдың шілдесінде өз жұмысын бастады. Ресми табысы бар, атында үйі жоқ, басқа ипотекалық несиесі жоқ кез-келген Қазақстан азаматы ипотека алу үшін 8 банкке жүгіне алады. «7-20-25» бағдарламасы іске қосылғаннан кейін, 2018 жылдың қазан айында, тұрғындар өтінішін ескере отырып, қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік беретін «Баспана Хит» бағдарламасы ашылды.

Екі бағдарламаны Халық банкі, Сбербанк, ЦентрКредит банкі, АТФБанк, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jysan bank және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы іске асырады. Оператор - Қазақстанның орнықтылық қоры.


Бүгінгі таңда, 40 мыңнан астам отбасы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары арқылы үйлі болды. Оларға берілген несие көлемі 388 миллиард теңгеге жетті.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif