Жапониядан коронавирусты емдейтін дәрі жеткізілді

Бұл 12,200 таблеткадан тұратын препараттар

Фото:Сыртқы істер министірлігінің телеграм каналы

Жапония Үкіметінің гуманитарлық көмегі Қазақстанға жетті. Бұл туралы Сыртқы істер министірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Жапония Үкіметі гуманитарлық көмек ретінде ұсынған 12,200 таблеткадан тұратын препараттар 2020 жылғы 14 мамырда Алматы қаласына жеткізілді.

Бұл жаңа түрлі коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-ға табыс етілді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Жапония Үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс білдіреді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif