Тұрақтандыру қорларында 351 млн дана жұмыртқа бар 

Негізгі азық-түлік тауарларының 9 түріне шекті баға бекітілді

Фото: ҚР Ауыл шаруашылық телеграм каналы

Өңірлердің шұғыл мәліметтері бойынша 2020 жылдың 4 мамырына елімізде жалпы 857 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

 Оның ішінде тұрақтандыру қорларында – 47,1 мың тонна, өндіруші кәсіпорындарда – 284,1 мың тонна, қоймаларда – 172,8 мың тонна, сауда желілерінде – 351,1 мың тонна.  

Сонымен қатар, 351 млн дана жұмыртқа, 3,8 млн тонна азық-түлік бидайы бар. Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорының жалпы көлемі 719,4 мың тонна, оның ішінде ұн – 147,7 мың тонна, картоп – 121,5 мың тонна, күріш – 98,7 мың тонна, макарон – 17,6 мың тонна және т.б.

Нақты тұтыну бойынша дайын өнімдердің қолда бар қорымен қамтамасыз етілу өнімдердің алуан түрлері бойынша бірнеше аптадан бірнеше айға дейін қамтиды. Бұл ретте азық-түлік өнімдерін өндіру үшін шикізат пен материал да, сондай-ақ өндіруші кәсіпорындардың қуаты да жеткілікті, барлық кәсіпорындар жұмыс істейді және өнім өндіреді.

 Сонымен қатар өнімдердің бір бөлігі шетелдерден жеткізіледі, бірақ, ол тұрғындарды азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқармайтын аз ғана бөлігі. Осылайша, азық-түлік тауарларының қоры үнемі толықтырылып отырады және өнімдердің тапшылығы болмайды. 

Бағаға келсек, дағдарыс пен дүрбелең жағдайларында әрдайым азық-түлік өнімдерінің бағасының көтерілуі орын алады. Бұл ретте, егер бағаның бұлайша өсуі бір жағынан объективті факторларға байланысты болса, екінші жағынан көбіне-көп баға негізсіз өседі. Осыған байланысты, төтенше жағдай кезеңінде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Сауда және интеграция министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығымен негізгі азық-түлік тауарларының 9 түріне шекті баға бекітілді.  

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif