Тоқаев Түркістан облысында зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Елбасына аймақтағы жағдай туралы бұған дейін хабарланған болатын

Фото: Акорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды деп хабарлайды Kursiv.kz.

 

«Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысының Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым», - деп жазады Тоқаев Twitter парақшасында. 

Айта кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылына байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты. Салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. 

 

Су қоймасы маңында тұратын 70 мыңға жуық адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды.


Түркістан облысының Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.
 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif