Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілер запасқа шығады

Фото: Офелия Жакаева

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Жарлыққа сәйкес әскерге шақырылушылар мерзімді кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет етеді. 

 

"Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін", - делінген жарлықта.


 

Хабарламада сонымен қатар әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген әскери қызметшілер жұмыстан босатылатыны айтылған. 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif