«Тараз Жаңа Әлем» авиакомпаниясының АН-2 әуе кемесінен өрт шықты

Жарияланды
 Апаттан зардап шеккендер жоқ

«Тараз Жаңа Әлем» авиакомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді.  Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Әуе кемесі Семей – Үржар бағыты бойынша TJA5221 рейсін орындаған.

Өрт болған кезде әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының тергеуі басталды.

Сондай-ақ оқыңыз