Танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды

49 жасында ауыр дерттен қайтыс болды

фото: instagram

Белгілі тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек 49 жасында өмірден озды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Белгілі тележүргізуші соңғы бір жыл көлемінде денсаулығы сыр беріп ауырып жүргенін әріптестері айтқан еді. 

Бейсен Құранбек - 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын республикалық "Спорт" газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. "Рахат", "31 арна", "Хабар" арналарында, президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 


Белгілі журналист Бейсен Абайұлы Құранбектің қайтыс болуына орай, Амандық Баталовтың тапсырмасымен облыстық комиссия құрылды. Ағамызды соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтетін болады. Kursiv.kz ұжымы отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif