Сәуір айының ең төменгі күнкөріс мөлшері белгілі болды

Көрсеткіш шамамен 3% өсті

Фото: Shutterstock

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті күнкөрістің ең төменгі деңгейі туралы жаңа мәліметтерді жариялады. Сәуір айының көрсеткіші 31 591 теңгені құрады.


2020 жылдың наурыз айында индикатор 30 731 теңгені құрады. Бір ай ішінде күнкөріс деңгейі 2,8% өсті.


Өткен айда 13 жасқа дейінгі балаларға арналған ең төменгі күнкөріс мөлшері 25 464 теңгені, 14-17 жас аралығындағы ер адамдар үшін 39 901 теңгені, сол жастағы қыздар үшін 30 574 теңгені құрады.

 

Еңбекке қабілетті ер адамдар үшін ең төменгі сома - 37 530 теңге, әйелдер - 29 802 теңге, зейнеткерлер мен қарттар - 29 581 теңге.


Сәуірде азық-түлік тауарларының үлесі 17 375 теңгені құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер - 14 216 теңге. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif