Сотталғандар жұмысқа орналасты 

Бұл қайта қылмыс жасамауға зор үлес қосатын әрекеттердің бірі 

Фото:Shutterstock

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық жұмыспен қамту орталығы сотталғандармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Пробация қызметінің басты мақсаттарының бірі –  есепте тұрған сотталған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын-алу, сотталған адамды қоғамға қосу және де есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

 Ақтоғай аудандық пробация қызметі есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Осындай өзара әрекеттесу нәтижесінде есепте тұрған адамдар әлеуметтік көмекпен және жұмыспен қамтылып отырады. Бұл сотталғандардың қайта қылмыс жасамауына зор үлес қосатын әрекеттердің бірі болып табылады. Себебі, көп жағдайларда жұмыссыздық адамды қылмысқа итермелейді. Жоғарыда айтылған мақсаттарды орындау барысында Ақтоғай аудандық пробация қызметі жұмыспен қамту орталығымен біріге отырып, “Ақтоғай-Агро” ЖШС-не, есепте тұрған Б. жұмысқа орналастырды.

 Аталған мекемеге Ақтоғай ауданы әкімінің 2019 жылдың 26 қарашасындағы №304 қаулысы бойынша екі жұмыс орнына квота бөлінген. Қазіргі таңда Б. есімді ер адам жоғарыда айтылған ЖШС-де механизатор болып қызмет атқарады. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif