Полиция ұрлыққа қатысты күдіктіні анықтады

Жарияланды
Велосипед өз иесіне қайтарылды 

Солтүстік Қазақстан облысында 22 жастағы лейтенант басқарған полиция жасағы ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Петропавлда күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға 550-ден астам полицейлер және әскери қызметшілер қызмет атқарады.

Бөкетов көшесіндегі дүкендердің бірінде қара Centurion велосипеді ұрланды деген бағдар келеді.Полиция қызметкерлері Әуезов көшесінің бойындағы аулалардың бірінде сипаттамасы ұқсас велосипедті байқайды. Барлық тексеру іс-шаралары барысында бұл дүкеннің жанында ұрланған велосипед екені белгілі болды. Иесі өзінің мүлкін таныды. Шақырылған жедел-тергеу тобы аталған қылмысқа қатысты қажетті процессуалдық іс- әрекеттерін жалғастырды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

 Күдіктінінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 
 

Сондай-ақ оқыңыз