Оңтүстік Корея қатаң карантин режиміне қайта оралды

Түнгі клубтар мен барлар жабылады

Фото:Shutterstock

Карантин режимін жеңілдеткен Оңтүстік Корея азаматтарды оқшаулаудың қатаң шараларына қайта оралды. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды. 

 

Қазір бұл елде «әлеуметтік қашықтық» режимі әрекет етіп тұр. Ел астанасында карантиннен кейін жұмыс істеуге рұқсат етілген түнгі клубтар мен барлар қайта жабылады.


 
Сеул билігі соңғы уақыттарда коронавирусты жұқтырғандар санының едәуір артуына байланысты барлық көңіл көтеру орындарының жұмысын шұғыл тоқтату туралы шешім қабылдады.

 

24 сағат ішінде Итхэвон ауданында коронавирусты жұқтырған 18 адам анықталды. Сонымен қатар 17 адамның бәрі бір адамнан жұқтырғаны белгілі болды.

 

Вирусты жұқтырған адаммен бір жарым мың адамға дейін байланыста болуы мүмкін деп болжануда. Қала мэрі мамыр айының басында Итхэвондағы клубтарға барғандардың барлығын коронавирусқа тест тапсырып, үйден шықпауға шақырды. Оңтүстік Кореяда вирусты жұқтырғандар саны 11 мыңға жақындап қалды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif