Нұр-Сұлтан қаласында есірткі өндіруші ұсталды

Оны 7 жылға бас бостандығынан айырды

Фото:Shutterstock

Есірткі өндірушіні жеті жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Нұр-Сұлтан қаласының маңында синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактісі бойынша сот процессі аяқталды. Халық арасында “скорость” атауымен белгілі альфа-пирролидиновалерофенонның аса ірі мөлшердегі өндірісін қолға алған, 19 жастағы Екібастұз тұрғыны сот құзырына берілді.

Сот  қарауы барысында  сотталушы кәмелеттік жасқа толмай тұрып есіртікіге әуестенген. Ол өзін есірткімен қамтамасыз ету және табыс табу үшін тыйым салынған  заттарды дайындауға шешім қабылдаған.

Тінту барысында астаналық полицейлер синтетикалық есірткі өндірісіне арналған химиялық заттарды, психотропты заттардың қалдықтары бар колбаларды, вакуумды аппаратты, есірткі өндірісі  бойынша формулалар жазылған дәптер, противогаздар,  өлшеуіштер, сондай-ақ күдікті есірткі өндіру кезінде киген химиялық қорғаныс костюмін алды.  

Жалпы салмағы 2 кг 340 гр дайындалған есірткі алынды. Яғни 1 грамм “скорость” 50 дозаға теңеледі.
Сот аса ірі көлемде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындады деген айыппен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif