Наурызбай ауданында ауыз  су мәселесі шешілді 

Енді 48 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болды

Фото: Алматы әкімдігінің телеграм каналы

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Наурызбай ауданының тұрғындарын үздіксіз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында салынып жатқан инженерлік желілер құрылысымен танысты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

Ауыз сумен қамтамасыз ету Наурызбай ауданындағы ең өткір мәселелердің бірі, өткен жылы және биылғы жылдың басында қала әкімімен болған кездесулерде аудан тұрғындары бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Ауданда қалалық сумен қамтудың үлесі небәрі 30 пайыз, қалғандары – қажетті сапалы сумен қамтамасыз ете алмайтын жеке скважиналар, «Қарғалы» және «Ақсай» өзендеріндегі ашық су тоғандары. Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылы өткір әлеуметтік міндеттерді шешу үшін бюджеттік шығындар қайта қаралып, құрылыс жұмыстары басталған еді.

Алғашқы кезеңде Наурызбай ауданының Құрамыс, Таужолы, Ақжар, Жайлау, Тастыбұлақ, Шұғыла сынды алты ықшамаудандарында, сонымен қатар Қарағайлы өзені бойындағы тазарту станциясында су құбырлары мен кәріз желілері салына бастады. Осының арқасында ауданның 48 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау келер жылға жоспарланған. Жалпы ауданда барлығы 121,5 шақырым су құбырлары, 85 шақырым  су айырғыш желілер  тартылады, нәтижесінде барлық  ықшамаудандар орталық су жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Жайлау және Ақжар ықшамаудандарындағы  инженерлік желілер салынып жатқан құрылыс жұмыстармен танысты және «Қарғалы» су тазарту станциясының құрылыс алаңында болды.

Бақытжан Сағынтаев сапалы судың қалалықтардың өздерін жақсы сезінулеріне және олардың денсаулықтарына оң әсер ететінін атап өтті. Сондықтан Наурызбай ауданы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылданған еді.
«Шетсіз қала» қағидасына сай Алматы қаласының барлық тұрғындарына бірдей жоғары деңгейдегі жағдайларды жасайтын боламыз», - деп атап өтті Б. Сағынтаев және жұмыс сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Қала әкімі су желілері тартылған көшелер тұрғындарының  өтініші бойынша  жұмыстың жалпы көлемін аяқтауды күтпей жолдарға бірден асфальт төсеуді тапсырды.
Ақжар ықшамауданында да осыған ұқсас жұмыстар жүруде, мұнда 29,2 шақырым су және 15,7 шақырым кәріз желілері тартылады. Жұмыс аяқталған соң 18 мыңнан астам адам су және кәріз құбырларына  қосылатын болады. 

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Қарғалы өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарының барысымен  танысты. Тәжиев, Игілік көшелері мен Пищевик демалыс үйінің айналасындағы жар қабаттарды габионды конструкциялармен мықтылау жұмыстарын аяқтау қыркүйек айына жоспарланған.  
Сонымен қатар, Қарғалы өзенінің арнасын мықтылау және Ақжар ықшамауданындағы Тастыбұлақ өзені арқылы өтетін көпір өткелін жөндеу жоспарланған.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif