Маралды атқан аңшылар  ұсталды

Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото:Shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аң аулау фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Есіл ауданының тұрғынының көлігінен атып алынған маралдың еті табылды. Учаскелік полиция инспекторлары Әсет Тоқтабаев пен Сергей Емельяновтың Александровка селосының маңында екі ер адам мінген көлік назарына ілігеді. Полицейлер көліктің артқы орындығында аңшы қаруы мен жүксалғышынан аңның етін табады. 

“Қазіргі уақытта облыс аумағында аң аулауға тыйым салынғанын естеріңізге саламыз. Құстарды, сондай-ақ жабайы жануарларды заңсыз атумен байланысты барлық іс-әрекеттер үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген”, – деп тоқтала кетті СҚО ПД табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Заңсыз аңшылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif