Қырғызстаннан ауырған жылқының етін әкеп сатып жатыр деген ақпарат жалған

Жыл басынан бері Қырғызстаннан елімізге ет өнімдерін тасмалдау болмаған

Фото:kursiv.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қырғызстан Республикасында жылқылардың белгісіз вируспен ауырып және олардың еті Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына базарға сатуға әкелініп жатыр деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өлім аузында жатқан биені түсірген кадрлар пайда болды. Бейне түсірген адам жануар белгісіз вирусты жұқтырды деп болжайды. Қырғызстанның ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясының ресми сайтында "Бүгінгі таңда Қырғызстанда жылқылардың жаппай ауруы анықталған жоқ" делінген.

 Ал, бейнетаспаға түсірілген жылқының өлімі уланудан және асқазанда қандала тарап кеткендіктен болған – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қырғызстан Республикасынан Қазақстанға ет және ет өнімдерін тасмалдау (импорттау) болмаған.

Сондықтан, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған жалған хабарлама үшін біздің азаматтарымыздың алаңдауына ешқандай негіз жоқ – деді министрлік мамандары.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif