Күл үшін болған текетірес: тәртіп сақшысы қызметтен шеттетілді  

Жергілікті тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасында түсініспеушілік туындаған

Фото: ашық дереккөздерден

Ақсу қаласына қарасты Береке ауылының тұрғындары елді мекенге жақын жерден ГРЭС-1, ГРЭС-2 кәсіпорындарынан шыққан күл қоқысын жинап, сатады. Сол арқылы жұмыссыздар күнделікті тіршілігіне қажет табыс тауып отыр. Бірақ, олардың айтуынша, полиция қызметкерлері жақында аталмыш аймаққа арнайы бекеттер қойып, күл сүзіп алатын көлге жақындатпай қойған. Ал шикізат артып алған көліктерден жарты миллион теңге ақша талап ететін көрінеді. Соның салдарынан тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болып, полиция қызметкерлеріне аспанға оқ атуға да тура келіпті.

 

Видео Павлодар облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

«Біздің ресми тұрақты жұмысымыз жоқ. Сондықтан күл жинап, оны сатудан басқа амалымыз қалмады. Енді полиция өкілдері бұл аймақта мал мен күл ұрлығын болдырмау деген желеумен бекеттер қойып, біздің жұмыс істеп, ақша табуымызға кедергі келтіріп отыр», - дейді ауыл тұрғыны Серікжан Тахар.

Ал тәртіп сақшыларының айтар уәжі басқа. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тұрғындар тиісті рұқсат қағазсыз микросфераны сатпақ болған. Бірақ мобильді бекеттің қызметкерлері оларды өткізбеген. Кешкісін 30-ға жуық адам сол бекетке қайта келіп, полицейлерді қуып шығуға бекінген.

«Дауды доғару және тұрғындардың бұл әрекетін тоқтату мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құралдарды пайдаланып, ескерту ретінде бос патрондармен аспанға оқ атты. Қаруды пайдалануға қатысты қызметтік тексеріс басталды. Оқ атқан қызметкер жұмыстан шеттетілді», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов

Бұл іске жергілікті билік те араласты. Ақсу қаласы әкімдігінің басшылығы тұрғындармен кездесіп, келесі аптада оларға күлді жинап, сатуға мүмкіндік берудің амалдарын қарастыруға уәде берді. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif