Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай құнсыздана беретін теңгені сақтаудың жолдарын айтты

Ол халықты қор жинауға шақырды

Фото: Марғұлан Сейсембай жеке Фейсбук парақшасы

Белгілі кәсіпкер және қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай өзінің жеке Фейсбук парақшасында валюталық нарықтық Х күніне қатысты ережелер мен 90-шы жылдар тәжірибесі туралы халықпен бөлісті.

Валютаны сатып алу, сақтау және шешіп алуға қатысты шектеулер енгізілгелі маған кәсіпкерлер теңгенің долларға қатысты бағамы, ақшаны қайда, қандай валютада сақтау керек және осы шамалас өзге де сұрақтармен жиі жүгінеді. Халық өзін көзге көрінбейтін тосқауылға тап болғандай сезініп жатқан болар. Сондықтан, бүгін мен осы тақырыпқа қатысты өз тәжірибеммен бөлісейін. 

Әрдайым есте ұстаңыз!  

Мемлекет келесі әрекеттерді кез келген уақытта жасай алады: 

- өз валютасына девальвация жасау, 
- шетелдік валютаны сату/сатып алуға шектеу қою, 
- шетелдік валютаның қолданысына шектеу қою,
- шетелдік валюта қозғалысын бақылау талаптарын енгізу,
- шетелдік валютамен жасалатын операцияларға салықтар енгізу және т.б.

Қысқасы, мемлекетке сіздің оған тәуелді болуыңыз, девальвация мен салықтар арқылы сіздің қалтаңызға қол сұға алуы тиімді.

Әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық, мұнай бағасының төмендеуі, коронавирус пен карантин тудырған дағдарысты ескере отырып, келесі ережелерді есте ұстағаныңыз жөн. 

1. Ақшаңызды, реті келсе, шетелдік валютада сақтаңыз.

2. Дағдарыстардың жағымсыз салдарын бірінші болып қабылдайтын банктер, сондықтан, банктердің банкротқа ұшырау қаупі бар. Сол себепті, ақшаңызды өзіңізде, егер көлемді сома болса, банк ұяшықтарында, мүлдем болмаған жағдайда ең сенімді деген мемлекеттік немесе шетелдік банктерде сақтаңыз. 

3. Шетелдік валютаны сатып алу мен сақтауға қатысты енгізілген шектеулерге байланысты жоғарыда айтылған әрекеттерді жасай алмауыңыз мүмкін. Онда өзіңіз жасайтын салада сұранысқа ие импорттық шикізат сатып алыңыз. Мысалы, егер сізде құрылыс компаниясы болса, импорттық құрылыс материалдарын сатып алыңыз. Девальвация болған жағдайда олардың бағасы өсетіні анық. Егер сізде өндіріс болса, шикізат немесе бөлшектер мен құрамдастар алып қойыңыз.  

4. Үшінші тармақта көрсетілген ережені орындау кезінде есіңізде болсын, сіз әлдеқандай жағдай болғанда ақша жұмсамай, басқа тауарға ауыстырып алатындай сұранысқа ие, шикізат немесе тауарды алыңыз. Яғни, бартерлік операцияларға дайын болыңыз. Мысалы, 90-шы жылдары біз ақшаны сирек қолданатынбыз. Барлық операциялар бартер түрінде, яғни, тауарды тауарға айырбастау арқылы жүзеге асты. Ол кездері мұнай өнімдері, астық өнімдері, бөлшектер, құрылыс материалдары, арматура, бұзылмайтын тамақ өнімдері және т.с.с. табысты позициялар болды. 

5. Үшінші тармақта көрсетілген ережені орындау кезінде есіңізде болсын, сіздің тауарыңыз ұзақ уақыт бойы өз сапасын жоғалтпай сақталуы тиіс. Және ол тауарды сақталуы кепілді жерде, ең минималды шығынмен ұстауды ұмытпаңыз. 

6. Егер біреу сізге теңгемен қарыз болса, оған дисконт жасап, қазір қайтаруын талап етіңіз. Ақшаны алған бойы жоғарыда келтірілген ережелер бойынша әрекет етіңіз. 

7. Егер ұзақ уақытқа қарыз беретін болсаңыз, доллар бағамын белгілеп, қарызды сол бағаммен қайтаруын талап етіңіз. 

8. Егер қарыз алатын болсаңыз, тек ұлттық валютада алыңыз. 

9. Жоғарыда келтірілген ережелердің барлығы жеке тұлғаларға да қатысты, тек басқа көлемде. Мысалы, ақшаны ұлттық валютада ұстаудың орнына ұзақ уақытқа шыдайтын тамақ өнімдерін алып қоюға болады.

10. Қорыта айтарым, өзіңізге резервтер мен қорлар құрыңыз. Барлық шығындарды барынша қысқартыңыз.  


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif