Қазақстаннан 1 млрд теңгеге жеке қорғаныс құралдарын заңсыз шығаруға әрекет жасалған

Заңсыз әрекет Батыс Қазақстан облысында орын алды

фото;Курсив

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде 15 жүк көліктердің ұсталғаны туралы хабарлады. 


Бұл жүк көліктерді 2020 жылдың 1-16 мамыры аралығанда жеке қорғаныс құралдарын заңсыз шығаруға әрекет жасаған кезінде ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері ұстаған. 


Тексеріс кезінде құны 2,2 миллион АҚШ доллары сомамына тең 
1 миллионнан астам жеке қорғаныс құралдары (медициналық бетперделер, респираторлар және т.б) анықталған. 


Мемллекеттік шекарадан өту кезінде тасымалдаушы салық төлеуден бас тарту мақсатында жалған электрондық шот-фактураларды толтырған. Бұдан басқа, тасымалданатын тауарға рұқсат құжаттары болмаған. 


ЖШС басшысы серіктестіктің тіркеуіне және қаржы-шаруашылық жұмысына қатысы жоқ болып шықты. 
Еліміздің бюджетіне келтірілген залалдар ЖШС-нің барлық экспорттық операциялардан шамамен 284 миллион теңгеге жеткен. 


Заңсыз кәсіпкерлік қызметтің орын алуына байланысты құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу қызметіне өткізілді. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif