Қазақстанға Дохадан 8.5 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді

Көмек «Qatar Airways» әуекомпаниясының арнайы рейсімен келді

Фото: Қазақстан Сыртқы істер министірлігінің телеграм каналы

Қатар COVID-19-бен күресу үшін медициналық қорғаныс құралдарын жіберді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министірлігінің телеграм каналы хабарлады. 

 Бүгін «Qatar Airways» әуекомпаниясының арнайы рейсімен Дохадан Нұр-Сұлтанға жалпы салмағы 8.5 тонна құрайтын гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның ішінде жеке қорғану құралдары бар - жоғары сапалы N95 респираторлы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де медициналық құралдар.
 Көмек Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қатар тарапына гуманитарлық көмек үшін алғысын білдіреді. 
Қатардың бұл игі әрекеті екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың, сондай-ақ пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықтың көрінісі. 

Гуманитарлық жүк медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-на табысталады. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif