Қазақстанда бос жұмыс орындары  көп мекемелер

Аса сұранысқа ие кәсіби  мамандықтар тізімі 

Фото:Shutterstock

Жалпы елімізде кәсіби мамандар – 36,6 мың ,қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері – 21,2 мың, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіптер өнеркәсібінің жұмысшылары – 19,5 мың бос жұмыс орны аса сұранысқа ие. . Бұл туралы ҚР Премьер-Министірінің ресми ақпараттық ресурсы мәлімдеді.

Кәсіби топтар бойынша мамандарға ең көп бос жұмыс орындары: Нұр-Сұлтанда — 3,7 мың, Қостанай облысында — 3,7 мың , Қарағанды облысында — 3,4 мың бос жұмыс орны орналастырылды.
Кәсіби мамандар Қызылорда облысында — 1,1 мың, Солтүстік Қазақстан облысында — 1,3 мың, Маңғыстау облысында — 1,4 мың бос жұмыс орны көрсеткішімен ең аз сұранысқа ие болды.

Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас қызметтердің жұмысшылары Нұр-Сұлтанда — 3,5 мың, Қостанай облысында — 2,5 мың, Қарағанды облысында — 2,3 мың бос жұмыс орны үлкен сұранысқа ие.
 Осы санаттағы жұмысшыларға аз сұраныс Қызылорда облысында — 306, Маңғыстау облысында — 314 бос , Алматы облысында — 356 бос орын тіркелген.

Техник мамандар мен өзге де қосалқы кәсіби қызметкерлер Қостанай облысында — 2,7 мың, Нұр-Сұлтанда — 2,1 мың, Түркістан облысында — 1,7 мың бос жұмыс орны аса сұранысқа ие. 
Осы кәсіптік санат үшін ең аз бос жұмыс орындарының саны Солтүстік Қазақстан облысында — 479, Маңғыстау облысында — 526, Қызылорда облысында — 563 бос орын орналастырылды.

Қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері Қостанай облысында — 3,7 мың , Алматыда — 3,1 мың , Нұр-Сұлтанда — 2,4 мың бос орынмен аса сұранысқа ие.
 Қызметкерлердің бұл тобына Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында сұраныс аз болды, онда әрқайсысында 600-ден аз бос жұмыс орны орналастырылған.

Жұмыс берушілер өндірістік жабдықтар операторлары, жинаушылар мен жүргізушілер үшін ең көп бос жұмыс орындарын Қостанай облысында — 3,5 мың, Нұр-Сұлтанда - 2,6 мың бос жұмыс орны бар.
 Бұл санатқа ең аз сұраныс Маңғыстау облысында - 260 және Алматы облысында - 358 бос орын орналастырылған.

Түркістан облысында ауыл және орман шаруашылығы, балық өсіру және балық аулау жұмысшылары мен фермерлер үшін 630 бос жұмыс орны бар. Ал қалған өңірлер осы кәсіби топ үшін 100-ден аз бос жұмыс орнын орналастырды.

Басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге ең үлкен сұраныс Нұр-Сұлтанда — 468, Қарағанды облысында — 343, Шығыс Қазақстан облысында — 333, Қостанай облысында — 325 бос жұмыс орны.

Айта кету керек, сұраныс пен ұсыныс еліміздің әр түрлі бөліктерінде жиі кездеседі. Мәселен, өңірлер бөлінісінде кәсіби мамандар түйіндемелерінің ең көп саны Түркістан облысында орналастырылды — 4 мыңға жуық түйіндеме. Мұнда жұмыс іздеушілер — техниктер мен өзге де қосалқы кәсіби қызметкерлер саны көп тіркелген — 2,8 мың түйіндеме.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif