Қазақстанда 15 жастағы ұлдардың 10% және қыздардың 6% темекі шегіп көрген

ДДСҰ арнайы зерттеу жүргізген

Фото: Shutterstock

Қазақстандағы жасөспірімдердің көбі отбасында, мұғалімдер мен құрдастары тарапынан жиі қолдау көреді. Бұл туралы ДДСҰ-ның  11-15 жастағы балалардың денсаулығына қатысты зерттеу есебінде жарияланды,-деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз-қызметі. 

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының "Жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда" деген есебінде 45 елден 11, 13 және 15 жас аралығындағы 227 441 оқушының  денсаулығы, әлеуметтік қатынастары және психикалық әл-ауқаты туралы ауқымды деректер жинақталған.

Есепте Қазақстанда оқушыларды өз отбасы (81%), мұғалімдер (72%) мен құрдастары (64%) үнемі қолдап отыратыны жазылған.

Есепте "Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына қатысты мінез-құлқы" (HBSC) зерттеу нәтижелері берілген.

Зерттеу әр 4 жыл сайын жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен жүзеге асырылды.

Қазақстандағы жастар арасында:

● Балалардың көпшілігінің (81%)  психикалық денсаулығы/әл-ауқаты жақсы. Дегенмен, әрбір бесінші жасөспірімде әрі қарай диагностиканы талап ететін депрессия белгілері байқалады.
● Күн сайын жасөспірімнің 38% жеміс-жидек, ал  43%  көкөніс тұтынады.
● Әрбір алтыншы жасөспірім күнде құрамында қант бар сусындар ішеді.
● 15 жастағы жасөспірімдердің ішінде ер балалардың 35% және қыздардың 27% дене қозғалысына қатысты ДДСҰ ұсыныстарын сақтайды.
● 15 жастағы ұлдардың 10% және қыздардың 6% темекі шегіп көрген.
● Жасөспірімдердің 12% кем дегенде бір рет кибершабуылға ұшыраған.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif