Қазақстан Тәжікістанға гуманитарлық көмек көрсетті

Жарияланды
Темір жол арқылы ұн өнімі жіберілді

Қазақстандық гуманитарлық көмекті тәжік тарапына ресми тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Қазақстандық ұн барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып темір жол арқылы жеткізілді.

Осы жүк куәлігін Қазақстанның Душанбедегі Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке тапсырды.
 

Сондай-ақ оқыңыз