Карантин кезінде оқушыларға 3 мыңнан астам бейнесабақ өткізілді

311 маман жобаның іске асуына жұмыс істеді

Фото:Shutterstock

IV тоқсан көлемінде 3 мыңнан астам бейнесабақ көрсетілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің ресми телеграм каналы хабарлады.

1-11-сыныптарға арналған телесабақтар түсірілімі 23 наурыз күні басталды.

*6 сәуірден бастап олар «Balapan» және «EL ARNA» телеарналары арқылы көрсетіле бастады. Сонымен қатар, сабақтар аталған арналардың сайттары арқылы тікелей трансляцияда көрсетіліп, радио арқылы таратылды және жергілікті телеарналар арқылы ретрансляцияланды.

*«Online Mektep» жобасы аясында 42 пән бойынша 3 мыңнан астам сабақ әзірленді.

*Әр бейнесабақ үшін 7 500 жаттығу, 12 500 тесттік сұрақтар дайындалды, 100-ден астам анимациялық бейнероликтер көрсетілді.

*Жобаға Нұр-Сұлтан қаласының 160 мұғалімі, «Bilim Media Group» компаниясының 111 қызметкері, 40-тан астам әдіскер қатысты.

* 9 түсірілім студиясы, 20 монтаждау станциясы жұмыс істеді.

*Түсірілім екі ай бойы демалыссыз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілді. Жұмыс барысында санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік шаралары қатаң қадағаланды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif