Қансорғыш кенелердің шағатын маусымы басталды

Батыс Қазақстанда жануарларды кене шағу жағдайлары күрт артты

Фото:ҚР Ауыл шаруашылық  министірлігінің  баспасөз қызметі

Жыл сайын көктем шыққанда еліміздің батыс өңірлерінде жайылымдық кенелердің белсенділігі артып кетеді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылық  министірлігінің  баспасөз қызметі.

БАҚ-та кене шағу салдарынан Батыс Қазақстан облысы малының ауруы туралы хабарламалар жарияланған болатын. Осыған байланысты ҚР ҚР Ауыл шаруашылық  министірлігінің   Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қансорғыш жәндіктердің шабуыл жасау жағдайлары "жануар - орта" экожүйесінің жағдайына байланысты екенін еске салады. Оны қамтамасыз ету үшін ҚР "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 және 25 баптарына сәйкес жануарлардың иелері мен ауылдық округ әкімдері жауапты болады. Олардың міндеті мал жаю орнын анықтау және жануарларды диспансерлік сауықтыру мақсатында орындармен қамтамасыз ету.

Малдың инвазиялық ауруларының алдын алу және емдеу (қоздырғыштары жануарлар организмдері – гельминттер, өрмекші тәріздес, жәндіктер және қарапайым жануарлар болып табылатын жұқпалы аурулар), сондай-ақ мал иелерінің және мал шаруашылығы бизнесінің міндетіне кіреді, себебі мұндай аурулар энзоотиялық ауруларға жатпайды және профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілмеген.

Сонымен қатар, жануарлардың инвазиялық ауруы зертханалық расталған жағдайда, заңнама жергілікті бюджет қаражатынан емдеу мен дезинсекцияны қаржыландыруды көздейді. Бұл үшін әкімдіктер осы аймаққа тән жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітуі тиіс.

Батыс Қазақстан облысында жануарларды кене шағу жағдайларының жаппай тіркелуі кенелердің тіршілік әрекетінің екінші циклына ауа райы қолайлы болғандықтан деп болжам жасауға болады. Яғни, қуаңшылықтың салдары. Жауын-шашынның және жайлымды (лиманды) суару болмағандықтан топырақтағы кене жұмыртқаларының шайылып кетпеуі бұл олардың ауқымды таралуына әкеліп соғады. Тиісінше, кенелер популяциясының артуы жануарларды жаппай шағуға алып келді.

Кене шағу барысында тіркелген аурулардың маусымдық өсуіне байланысты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті үй жануарларының иелеріне арналған ұсынымдары бар жаднаманы қосымша жариялайды (қосымша қоса беріледі).

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif