«Қалбатау- Майқапшағай» жолы биыл ашылады

Жолдын ұзындығы 415 шақырымды құрайды

Фото: ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігі

«Қалбатау- Майқапшағай» автомобиль жолында қозғалысты биыл ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында ұзындығы 415 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жаңа жол сапарға жұмсалатын уақытты екі есеге қысқартуға, сондай-ақ оның өткізу қабілеті мен өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі таңда «China Xinxing Group» жол компаниясы мен «СП «КазГерСтрой» ЖШС 4500 мыңнан астам текше  метр жер қазу жұмыстарын орындады. Сонымен қатар, мұнда 85 су өткізу құбыры, 46 малөткелі салынды.

Мұнымен қоса, мамандар 73,8 шақырымда құмды-қиыршық тасты қоспадан жасалған жолдың төсеме қабатын, 48,7 шақырымда жол негізінің төменгі қабатын, 27,8 шақырымда жоғары кеуекті ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол негізінің жоғарғы қабаты мен 19,5 шақырымда тығыз ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі қабатын жайластырды. Барлық жұмыстардың сапасын «ЮВПЭК-Астана» ЖШС бақылайды. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif