Із-түссіз жоғалған 81 жастағы әже табылды 

Жарияланды
Ол кісінің  ұмытшақ ауруы бар екен

Солтүстік Қазақстан облысында із-түссіз жоғалған 81 жастағы әже табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Прибрежное ауылының тұрғыны Қызылжар ауданының полиция бөліміне хабарласып, ұмытшақтығы бар 1939 жылы туған анасының жоғалғанын айтқан. Аудандық полиция бөлімі мен облыстық криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап кетті. 

Іздестіру топтары Петропавл қаласының маңындағы елді мекендерді, орман алқаптарын, саяжай қоғамдастықтарын тексерді.

Пестрое көлі маңындағы жеке секторда жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан Петропавл қаласының екі тұрғыны Instagram желісіндегі әжейдің суретін көріп, оны бірден танып, бірден полицияға хабарлады. 

 «Қарт әйелдің соңғы тәулікте басынан қандай оқиға өткені есінде жоқ. Бірақ жағдайы жақсы. Одан жауап алған соң жақындарына табыс етеміз. Оның табылғаны жөнінде туыстарына хабарладық», – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Сейілхан Жұмағұлов. 

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының полицейлерімен із-түссіз жоғалған адамдарға байланысты 122 арыз тіркелді. Қазіргі уақытта олардың 120-сы табылды.
 

Сондай-ақ оқыңыз