Фермерлерге 70 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді

2,5 мыңға жуық фермер алды

фото: agropress

Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды 35 күн ішінде аяқтады, 2 405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд. теңге алды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95% -ы - шағын және орта бизнес өкілдері, - деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Егіс маусымына дейін фермерлердің айналым қаражатын толтыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылмен салыстырғанда республикалық бюджеттен 10 млрд.  теңге артық қаражат бөлінді. Сондай-ақ, қаржыландырудың жеңілдетілген мөлшері 5% -ға дейін төмендетілді.

Мемлекеттің көмегін 2 405 фермер алды, олардың көпшілігі Түркістан облысындағы шағын шаруалар.

 «Кең дала» бағдарламасына қатысуға өтініш берген фермерлердің 126-сы 100 млн. теңгеден астам қаржыға ие болды. 194 фермерге орташа есеппен 574 млн теңге берілді.

Мемлекеттік көмек алғандардың 90%-ы - шағын шаруа қожалықтары. 2085 фермер орташа есеппен 6,1 млн. теңге алды. Бұл ретте ең аз несие 600 мың теңгені құрады.

Қосымша 100 миллиард теңге де Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріледі. Қарыз алушылар үшін пайыздық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды, сондай-ақ,  барлық дақылдарды егу үшін қаржыландыру қол жетімді болады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif